Оның айтуынша, төтенше жағдай, полиция, жедел жәрдем, басқа да мемлекеттік қызметтердің 345 қызметтік автокөлігі және 116 азаматтық автокөлік жойылып, зардап шекті.


«Нәтижесінде 16 медицина, 34 өртке қарсы қызмет және 8 құтқару қызметінің қызметкерлері дене жарақатын алды. Қылмыскерлер бейбіт тұрғындарды оларға қосылуға, такси жүргізушілерін, ауыр көліктер мен автобустардың жүргізушілерін көшелерді жауып тастауға мәжбүрлеген. Ұрлық фактісі бойынша 2 645 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. Осы қылмыстар үшін 484 тұлға күдікті деп танылды, 2 адам қамауда, 460 адам сотталды. Ойрандар мен тонау Алматы қаласында орын алды, онда «Азия паркі», «Променад», «Мәскеу», «ЦУМ», «Домиллион» СОО, «Магнум» дүкендер желісі, «Sulpak», «Технодом», «Тойота орталығы» дүкендері тоналды. Талдықорған қаласында «Фора», «ЦУМ» сауда үйлері, «Технодом», «Сулпак» электроника дүкендері,  «Смолл» супермаркеті, Жетісу облысының Қарасай ауданында «Молл Апорт» СОО, «Алтын Орда» базары тоналды», - деді прокурор.


Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде бизнес субъектілеріне 92 млрд. теңге сомасында залал келтірілді.