Әлеуметтік желілерде жекелеген азаматтар «Қаңтар оқиғасы» кезінде қаза болған азаматтардың санына сенімсіздік білдіретін жазбалар жариялайды. Бас прокуратураның 1 қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжановтың ресми мәліметінше, қаңтар оқиғалары кезінде 238 азамат қайтыс болды.
«Әрбір өлім фактісі бойынша тергеу органдары сотқа дейінгі іс жүргізуді тіркеді.
Қаза тапқандар туралы сандық деректер сенімді, жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қайта тексерілген. Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламын», - деп түйіндеді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!