1 156 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, оның ішінде 627 айыпталушыға қатысты істер  сотқа жолданды. 

«Бүгінгі күнде 579 адам сотталды, оның ішінде 462 адамға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар тағайындалған.  Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, тонау, тұрғын үй-жайға кірумен жасалған ұрлық, қаруды ұрлау және де төтенше жағдайда көрінеу жалған ақпарат тарату сияқты ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 117 адам бас бостандығынан айыруға сотталды. ҚАЖК мәліметтері бойынша 992 адамға рақымшылық жасалады. Бүгінгі таңда 740 сотталушыға рақымшылық жасалды, 50 адам босатылды, 690 адамға жаза мерзімі қысқартылды. ІІО өндірісіндегі істер бойынша рақымшылық бойынша 5 адамға қатысты 4 іс тоқтатылды», – деді полковник.