«Бүгінгі күні полиция қызметкерлерімен шұғыл-профилактикалық кешенді іс-шаралар барысында,  4 мыңнан аса қару, 56 мыңнан артық оқ-дәрі алынды. Оның ішінде 960 данасы «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (табельдік – 524 және азаматтық – 436). Тек соңғы айда заңсыз айналымынан қосымша 420 дана қару алынды. Оның 25 данасы «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қарулар екені анықталды. Қару жасырылған орындарды анықтау да жалғасуда. 12 қарашада Жетісу облысы, Мұқыр ауылында полиция қызметкерлерімен (Алматы қаласы «Қорған Центр» дүкенінен ұрланған) екі дана «Benelli» карабиндерін, 2 дана бронижелет және 100-ден аса әр-түрлі калибрлі қарудың оқ-дәрілері тәркіленіп алынды. Сол күні Талдықорған қаласында жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері «қаңтар» оқиғасы кезінде ұрланған 2 дана Макаров тапаншасын, 2 дана оқ-жаттарды және 200-ден аса патрондарды анықтап тәркіледі.  15 қарашада Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылында қараусыз қалған ғимараттың ішінен кесілген аңшы шолақ мылтығы, «ТТ» тапаншасы, жарық-дыбыс шығаратын граната, бронижелет және патрондар алынды. Қарумен нақты тұлғаларды ұстау мысалдары да бар», - деп хабарлады ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Дүйсенбаев ОКҚ алаңында. 

11 қарашада Астана қаласында полиция қызметкерлері «Хюндай акцент» автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің қол-сөмкесінен «Макаров» тапаншасы, патрон алынған. 22 қарашада Алматы қаласында полиция және ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында қала тұрғыны ұсталды. Оның мекен жайына жүргізілген тінту кезінде, қантар оқиғасында  Алматы қаласы «Қорған Центр» дүкенінен ұрланған 8 дана әртүрлі маркалы карабиндер, пневматикалық мылтық, оптикалық нысана және аңшылық пышақтары тәркіленіп алынды. Біз заңсыз қаруды іздеуге және тәркілеуге өз еркімен жәрдем көрсеткен азаматтарға алғыс айтамыз», - деді спикер.


Айта кетейік, қаруды сатып алу науқаны кезінде 1,5 мыңнан аса қаруларды өз еркімен тапсырғандар бар. Олардың көбісі қаңтар оқиғасына дейін заң талаптарына сай тіркелмей және полиция есебіне қойылмай азаматардың үйлерінде сақталған.  Қазіргі таңда «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған 2 002 дана қарулардың қай жерде екені анықталмады.  Қаруларды табуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.