Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде ЭГТРМ 6 іс-шара бекітілген.
Ведомство басшысы алдымен су шаруашылығы секторындағы мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, бұл бағытта жаңа су кодексі қабылданады. Оның Тұжырымдамасы қарашаның соңында Заң жобалау жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданды. Қазіргі таңда болашақ Кодекстің баптары қалыптастырылуда. Парламент Мәжілісіне келесі жылдың наурыз айында енгізіледі.
«Одан басқа, Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірледік. Онда 3,5 мың километр суару каналдарын реконструкциялау, 25 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы 16 су қоймасын жаңғырту ескерілген», — деді С. Брекешев.
Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған Су саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы әзірленді. Ол бірінші кезектегі шараларды қамтиды. Жоба кеше ғана Су кеңесінде қарастырылды.
Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында зиянды заттар эмиссиясын 20%-ға азайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қауіптілігі 1-санаттағы кәсіпорындар үшін рұқсаттама құжаттарын алу кезінде эмиссиялардың лимиті қысқарады. Одан басқа, 2025 жылдың бірінші қаңтарынан бастап кәсіпорындар ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге міндетті болады. Ол үшін екі жыл бойы ең үздік қолжетімді технологиялардың 12 анықтамасы әзірленді, ал 2023 жылы тағыда 6 анықтама әзірлеу жоспарланған.
«Атап айтқанда, АрселорМиттал Темиртаумен шығарындыларды төмендету бойынша жұмыс жүргізілді. Кәсіпорын ластау лимитін 243 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін немесе осы жылдың деңгейінен 13,5%-ға, ал былтырғы жылғы деңгейден 35%-ға төмендетілді. Біз түбегейлі түрде қоршаған ортаға әсерді айтарлықтай азайту және аталған кәсіпорынды технологиялық қайта жарақтандыру жұмысын одан әрі жалғастырамыз», — деді С. Брекешев.
ЭГТРМ басшысының айтуынша, орман алқабын қазіргі 13,6 млн-нан 14,5 млн га-ға жеткізу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ағаштарды отырғызу жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ есепке алынбаған орман алқаптарын мемлекеттік орман қорына қосылады. Нәтижесінде елдің ормандылық көрсеткіші қазіргі 5%-дан 5,3%-ға дейін ұлғаяды.
Жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қалпына келтіру мақсатында жыл сайынғы есеп және мониторинг негізінде талдау жүргізіп, нақты шешімдер қабылданады. Одан басқа, алдағы 3 жылда бірқатар шаралар қабылдау жоспарланып отыр, оның ішінде жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғауды күшейтуге және инспекторлық құрамның материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық іс-шаралар.