Кездесу барысында А.Әбдікәрімов елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай, жүргізіліп жатқан реформалар және стратегиялық жоспарлаудың қабылданып жатқан құжаттары туралы айтып берді. Атап айтқанда, вице-министр шетелдік сарапшыларды жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу барысымен таныстырды.

Өз кезегінде, халықаралық қаржы институтының өкілдері 2023 жылға арналған экономиканың даму перспективаларымен бөлісті. Сондай-ақ, бюджеттік тәуекелдерді басқару құралдары, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің осы бағыттағы тәжірибелері таныстырылды.

Citibank өкілдері Үкіметтің тәуелсіз кредиттік рейтингтерді сақтау және жақсарту жөніндегі тиімді жұмысын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға келісті.