«Заңдастыруды алты ай ішінде жүргізу жоспарлануда. Заңдастырылатын автомобильдерге үш негізгі талап қойылады: автокөлік іздеуде болмауы керек; кедендік тазартудан өту (белгіленген жағдайларда); 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктер. Сонымен қатар, заңдастыруға жататын автомобильдерге жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды», - деді спикер.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы ҚР 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автомобильдерді біржолғы заңдастырудан өткізу туралы жариялады. Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілуде.