Кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің немесе Мемлекеттік кірістер органдарының дерекқорлары бойынша айқындалатын болады. Бүгінгі күні бұл процесс толығымен автоматтандырылған. 

«Сонымен қатар шекара қызметінде немесе Мемлекеттік кірістер органдарында көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда, автомобильдің Қазақстан Республикасында нақты тұрған күні автосақтандыру полисінің алғашқы рәсімделген күні бойынша айқындалады. Заңдастыруға өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ға жеке өтініш жасау арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралын іздеу базалары бойынша тексергеннен кейін автомобиль арнайы ХҚКО жанындағы тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Содан кейін талап етілсе, автокөлікке кедендік декларациялау жүргізіледі. 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы алымды, техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі», - деді Қайсар Сұлтанбаев.