«Біріншіден, жаңа формат бойынша мемлекеттік органдар өзекті мәселе мен күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, гранттарды бағыттар бойынша топтау арқылы қалыптастырады. Ал шешу жолдарын ҮЕҰ конкурсқа қатысу барысында өздері ұсынатын болады. Осылайша, 2023 жылы Министрлікпен азаматтық қоғамды, дін саласын, сондай-ақ жастар саясатын дамыту бағыттары бойынша жаңа тәсілдер аясында гранттық жобаларды іске асыруға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. Сондай-ақ Министрліктің тапсырысымен 2021 жылдан бастап 10 ұзақ мерзімді грант іске асырылуда, олар 2023 жылы да өз жалғасын табады деп жоспарлануда. Екіншіден, гранттар берудің сараланған тәсілін айқындауға мүмкіндік беретін гранттардың сараланған жүйесі енгізілді. Грант түріне байланысты қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзімдеріне, конкурсқа қатысу шарттарына, есептілікке әр түрлі талаптар айқындалды», - деді спикер.


Сонымен қатар гранттық саясаттың салалық тәсілін кеңейту мақсатында орталық мемлекеттік органдарға да оператор арқылы гранттар беру құзыреті берілді. Бұдан бөлек, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен гранттардың тиімділігін бағалау тетігі енгізілді, ол жобалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және кейіннен гранттарды қалыптастыру үшін негіз болады. Бүгінгі таңда гранттар беру бойынша өтінімдерді қабылдау және өңдеу процесін автоматтандыру шеңберінде гранттар мен сыйлықақыларды басқару сервистерін құру бағытында жұмыс жүргізілуде. Келесі жылдың екінші жартысынан бастап гранттар беру жүйесі мемлекеттік электрондық портал арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде арнайы платформа әзірленіп жатыр.