Оның айтуынша, аталған салада көрсетілетін 45 мемлекеттік қызметтің 43-і электрондық форматта, оның 23-і проактивті түрде көрсетіледі. 

«2022 жылы қазақстандықтар 13 млн аса қызмет алды. Бұл ретте цифрлық форматта 10 млн артығы, оның 1 млн-нан астамы азаматтардың жіберілетін хабарламаларға берген жауаптары негізінде проактивті түрде көрсетілді. Сондай-ақ цифрлық форматта көрсетілетін әлеуметтік-еңбек саласы қызметтерінің үлесі 2020 жылдан бастап 20%-ға өсіп, жалпы 80%-дан асты. 2023 жылы бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді деп жоспарланып отыр», – деді Оспанов.