Вице-министр 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау кезінде бұл тәсілді пилоттық режимде қолдану жоспарланғанын хабарлады. Жалпы, келесі жылы автоматты тағайындау форматын 4 қызмет бойынша қолдану жоспарлануда.

«Біз екінші деңгейдегі банктермен жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі таңда қазақстандықтарға банктік қосымшалар арқылы 6 қызмет қолжетімді және 11 айда оларды 280 мыңнан астам адам алды. Бұдан басқа, 17 қызмет экстерриториалды түрде көрсетіле бастады, яғни оларды Қазақстанның кез келген жерінде, тіркелген жері бойынша ХҚКО-ға жүгінбей-ақ ала алады. Биыл 75 мың азамат осы қызмет түрін пайдалана алды», – деді Ербол Оспанов. Келесі қадам проактивті қызметтер көрсету кезінде жәрдемақыларды автоматты түрде тағайындауға көшу болады, яғни қызмет көрсету процесінде адамдардың қатысуы толығымен жойылады.