«2022 жылы жұмыс іздеп жүрген 371 мың адам немесе жалпы санының 61%-ы онлайн-форматта тіркелген. Цифрлық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылғандардың үлесі 31%-ы құрады. Осы оң нәтижені ескере отырып, 2023 жылдан бастап Жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау жоспарланып отыр. Жұмыс бағыттары өзгертіліп, адамдарға ыңғайлы форматқа ауыстырылады. Осы мақсатта мобильді қосымша жасалады», – деді Ербол Оспанов.


Сонымен қатар электронды еңбек биржасында азаматтардың біліктілігін арттыру үшін онлайн курстар өткізілуде. Skills.Enbek платформасы 110 кәсіпті ішінара немесе толық қамтитын 162 курс қолжетімді онлайн курстардың көрмесі болып табылады. Жыл басынан бері 146 мың адам курстарда оқып, сертификат алды.


Тағы бір маңызды платформа – «Business.Enbek», онда бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алудың барлық процестері автоматтандырылған. Осылайша, мемлекеттің қолдауының арқасында өз ісін ашуға мүмкіндік алған 21 мың адам іріктелді.