Зардап шеккен балалардың туыстарымен әңгіме жүргізіліп, балалардың қазіргі жағдайы, көрсетілген ем көлемі, сондай-ақ зардап шеккендерді одан әрі қарау шаралары түсіндірілді. 

Республикалық мамандар облыстық балалар стационарының медицина қызметкерлері көрсеткен шұғыл медициналық көмектің жоғары деңгейі мен уақтылылығын атап өтті. 

Жаттықтырушының жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр, көпсалалы облыстық аурухананың мамандары М. Оспанов атындағы БҚМУ профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен консилиум өткізді. Сонымен қатар, пациентті одан әрі қарау тактикасын келісу үшін Нейрохирургия орталығының (Астана) мамандарымен телемедициналық кеңес өткізілді. 

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.