Ведомство басшысы аурухананы аралап, медициналық ұйым басшылығымен қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.

Ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аурухананы жедел қарқынмен жөндеуді аяқтауды, ұйымның сыртқы аудитін жүргізуді, кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерінің шешімін табуды тапсырды. 

Әрі қарай А. Ғиният Сәтбаев қаласындағы қалалық емхананың жұмысымен танысты.

Министрге ұйым жұмысының негізгі көрсеткіштері баяндалды, амбулаториялық хирургия орталығы және емхананың басқа да құрылымдық бөлімшелері көрсетілді. Ведомство басшысы онкологиялық ауруларды ерте сатыларда анықтау жөніндегі жұмысты күшейтуді, пациенттерді қолдау қызметтері арқылы халықпен өзара іс-қимылды жандандыра отырып, МСАК-тың озық практикаларын  кеңінен енгізуді, сондай-ақ емдеуге жатқызу үшін пациенттердің нысаналы санатын айқындау мақсатында күндізгі стационарда емделген жағдайлардың құрылымын зерделеуді тапсырды.

Содан кейін министр Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханада болды, онда аурухана директорының міндетін атқарушы аурухананың құрылымын, кадрлық-материалдық және қаржылық қамтамасыз етілуін, стационар қызметі көрсеткіштерінің динамикасын таныстырды.

Министр аурухананы аралап, қабылдау бөлмесінің, перзентхананың, инсульт орталығының және басқа да бөлімшелердің жұмысымен танысты. Әкімдікпен бірлесіп аурухананы тұрғын үй және көтерме тұрғын үй беру арқылы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу тапсырылды.  Сондай-ақ, А.Ғиният ұйым менеджментінің тиімділігін арттыру, жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін енгізу қажеттігін атап өтті.

Өңірдің медициналық жұртшылығымен кездесу барысында министрге еңбекақы төлеу, өңірге келген жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі сұрақтар  қойылды.

Ұлытау облысы әкімдігінің өкілі хабарлағандай, Жезқазғанда 11 үй салу жоспарланып отыр, онда екі кіреберісті қала медицина қызметкерлері үшін бөлу көзделуде. Бұл келесі жылы болады, өйткені бүгінде дайын баспана жоқ, бірақ жоспарлар көзделген.

Министр тұрғын үй мәселесі бойынша дәрігерлерге пәтер жалдау төлемдерін өтеу арқылы шешім табуды ұсынды.

«Ең бастысы – оларды жоғалтпау, қазір қолдау көрсету. Біздің ортақ проблемамыз - медицина кадрларының тапшылығы. Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан медицина кадрларын әлеуметтік қолдауды күшейту, дәрігерлер үшін көтерме төлемдердің сомасын арттыру мәселесіне бастамашылық жасайды, біз жыл сайын неғұрлым талап етілетін мамандықтар бойынша гранттар санын көбейтеміз», - деп атап өтті А.Ғиният.