«Виртуалды қойма» модулі де өзінің тиімділігін көрсетеді. Оның ерекшелігі тауарларды қоймада есепке алмай ЭШФ жүйесінде оларды одан әрі сату мүмкін еместігі болып табылады. Осылайша, жалған шот-фактураларды жазып беру және тауарсыз операцияларды жасау қаупі азаяды. Физикалық қадағалау бөлігінде тауарларды таңбалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қадағалау жүйесінің соңғы буыны онлайн-БКМ қолдану болып табылады. Жүйе сауда кірісі туралы мәліметтерді тіркейді және мемлекеттік кірістер органдарына береді. Соңғы тұтынушыға сату кезінде тауарды айналымнан шығару, жоспарда бар. Акцизделетін өнім айналымы саласында ілеспе жүкқұжаттардың, Декларанттың, т.б. деректерін және салық есептілігінің нысандарын салыстыру үшін әртүрлі ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, камералдық бақылау жүргізіледі», - деді Д. Жанәлінов.


Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бастап заңсыз акцизделетін өнім: алкоголь өнімі – 202 мың бөтелке; темекі өнімдері – 18,8 млн қорап; мұнай өнімдері – 87,6 мың тонна анықталды.