Сараланған кедендік бақылауды қолдану мақсатында СЭҚ қатысушыларын IBM SPSS базасында автоматты режимде санаттау қолданылады.

«Адами факторды болдырмау және санаттау тәртібін автоматтандыру мақсатында жүйені математикалық модельдеу (машиналық оқыту) бойынша жұмыс жүргізілді. Бұдан басқа, Комитет «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» пилоттық жобасын іске асырды, онда азаматтық қоғам кірістерді жасыратын жосықсыз кәсіпкерлермен күресте дербес бастама көтере алады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.