Жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылардың 63 тексеру, оның ішінде 8-і Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және 4-і Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша бақылауда болды.


«Қазақмыс» және «KAZ Minerals» компанияларының топтарына қатысты тексерулер аяқталды, есептелген салықтардың, өсімпұлдар мен айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгеден асады. ПҚӨС мөлшерлемесін ұлғайту және капиталды шығаруға қарсы іс-қимыл бойынша бұрын қабылданған түзетулерге қосымша ЭЫДҰ сарапшылары «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңға түзетулер енгізді. Қазіргі уақытта заң жобасы мемлекеттік органдарда келісілуде», - деді спикер.