Былтырдан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар тетігі бойынша, бүгінде 4 жастан 17 жасқа дейінгі 458 мыңнан астам бала мен жасөспірімдер 14 652 спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге тегін барады. 

«Аталған тетікті жетілдіру мақсатында министрлік шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Еліміздің 7 қаласында «Қолжетімді спорт» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Аталған бағдарлама 20 мыңнан аса адамды қамтиды. 10 спорт түрі бойынша ұлттық мектеп лигасы ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама мектеп жасындағы шамамен 3 млн баланы қамтыды», - деді Дәуешов.