Қоғамдық жұмыстар аясында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы, Әкелердің республикалық форумы, Ауылдық әйелдердің республикалық форумы сияқты ірі шаралар жүзеге асырылды. Оған мыңдаған адам қатысты. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары Ләззат Сүлеймен барлық іс-шаралар орталық және өңірлік деңгейлерде кең ақпараттық қолдаумен сүйемелденгенін және оң қоғамдық резонанс тудырғанын атап өтті.
«Ұлттық комиссия отырысы ай сайын өткізіледі. Онда қоғамның өзекті мәселелері талқыланады. 2023 жылға арналған міндеттерге тоқталсам, тұжырымдаманы одан әрі жүзеге асыру, қуатты Қазақстан құру бағытында елімізде жүргізіліп жатқан реформалар шеңберінде отбасы институтын нығайту, гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру көзделген. Жергілікті жерлерде әйелдерді, отбасыларды қорғау саласындағы проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу мақсатында Ұлттық комиссияның көшпелі отырыстарын өткізу жоспарланып отыр», - деді төраға орынбасары.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!