Министр акционерлік қоғамдардың қызметімен танысты және орталықтардың ұжымдарымен әңгімелесті.
ҰЭМ басшысы іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, өңірде кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай назар аударылатынын атап өтті. Негізгі мемлекеттік бағдарламалар операторлары филиалдарының ашылуы шағын және орта бизнесті дамытуға серпін береді.
«Мемлекеттік қолдау шараларымен облыста үш мыңнан астам кәсіпкерлер қамтылған. Олар пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиелерге кепілдік беру және жеңілдетілген қаржыландыру ала алады. Кәсіпкерлерге инвестициялық жобаларды іске асыру үшін төмен пайыздық ставкалармен несие беріледі. Нақты өңірлік бағдарламаларды іске асыру үшін қаражат тарту бойынша жұмыс жалғасады. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Ә. Қуантыров.