Оның қуатын қосымша қазандық агрегатын орнату арқылы арттыру жоспарлануда. Құрылыс сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды. Бірақ қазір жобаның құны қымбатталып, оны іске асыру мерзімі де кешіктірілуде. Жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарлануда.
«Теплокоммунэнерго» МКК директоры Серік Төленбергеновтің айтуынша, қала бойынша 200 шақырымнан астам желіні ауыстыру қажет, желілер 68%-ға тозған. Оларды жаңғыртуға 149 млрд теңге қажет.
Ә.Қуантыров қазандықтардың мәселелері зерттеліп жатқанын және жергілікті билік органдарымен бірлесіп мұқият қаралатынын атап өтті. Биыл республикалық бюджеттен «Ғаббасов» қазандығын қайта жаңартуға 900 млн теңге бөлінді. 2023 жылы қосымша қаражат қарастырылған.
Сондай-ақ, Ә.Қуантыров өсімдік майларын өндіретін «Qazaq Astyq group» ЖШС зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның қуатытылығы тәулігіне 1200 тоннаны құрайды. Бүгінде зауытта 400-ге жуық адам жұмыс істейді.
Кәсіпорын басшылығы жылжымалы құрамдар мен шикізаттың шетелге «кетіп қалуына» байланысты проблемалар бар екенін хабарлады. Сондықтан серіктестік шикізатты ел ішінде қайта өңдеуді және дайын өнімді сыртқы нарықтарға экспорттауды қалап отыр.
Министр экспорттаушылардың мүдделерін де ескеру қажет екенін атап өтті. Жалпы, ҰЭМ басшысы өңдеу мен өндірістің өсуін, оның ішінде тиісті мемлекеттік субсидиялар есебінен дамыту қажет екендігін айтты.
Жылжымалы құрамға келетін болсақ, бұл нарық бәсекеге қабілетті және кәсіпорын көлік компанияларымен келісуі керек, – деді Ә.Қуантыров.