Ол БҰҰ, БҰҰ-әйелдер, БҰҰ ДБ, Халық қоры және ЕҚЫҰ құрылымдарымен табысты ынтымақтастық орнағанын атап өтті.
БҰҰ-әйелдер құрылымымен және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Гендерлік теңдікті іске асыруға жәрдемдесу, Қазақстандағы барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасын іске асыру мәселелері шешілуде.
«Ең бастысы – COVID-19 пандемиясы өршіген кездегі дағдарыстың салдарын еңсеру. Бұл келісім 2022-24 жылдары әрекет етеді. Біз аса маңызды деп санайтын жоба үш бағытта жүзеге асырылатын болады: бұл гендерлік теңдік перспективасымен және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтумен ұлттық заңнаманы нығайту, гендерлікке бағдарланған тәсілдермен ұлттық білім беру жүйесін нығайту және кемсітушіліктің болмауы, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және оларды шешім қабылдау деңгейіне көтеру», - деп түйіндеді спикер.