Биылғы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 855 кәсіпорнында 19,7 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 670,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

 Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 865 нұсқама беріліп, 140,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 448,6 млн теңге төленді.