Оның айтуынша, биылғы басты міндет инвестицияларды, инвесторларды ағымдағы деңгейде ұстау және өткен жылдардағы инвестициялық жобаларды жалғастыру болды. Бұл ретте экономикамызға инвесторларды тарту және олардың сенімін сақтау. 


«Халықаралық институттардың болжамдары көңіл көншітпейді. Мысалы, пандемия болған 2020 жылы инвестициялардың жалпы әлемдік ағыны 35%-ға қысқарды. Халықаралық валюта қорының пікірінше, экономикалық әлемдік өсім өткен жылғы 6%- дан биыл 3,2%-ға дейін баяулайды. 2023 жылы ол тек 2,7% құрайды деп болжанып отыр. Мұның бәрі инвестициялық ағындарға, сондай-ақ инвесторлардың болжамдары мен көңіл-күйіне әсер етеді. Бірақ қазіргі жағдайда, еліміздің инвестициялық климаты үшін «қара аққулардың» бар болуына қарамастан, біз өткен жылы пандемияға дейінгі инвестициялар тарту деңгейіне жеттік - 2021 жылдың қорытындысы бойынша 23,7 млрд АҚШ долларды құрады, пандемия болған 2020 жылғы құлдыраудан кейін қалыпқа келдік. Биыл бірінші жартыжылдықта 1 14,5 млрд АҚШ болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға артық. Бұл геосаяси жағдайға қарамастан, қаңтар оқиғаларына қарамастан, инвесторлар республикамызға қатысты оң үрдіс пен болжамдарды сақтап қалды», - деді спикер.


Айта кетейік, биыл инвестициялар бойынша мақсат 24 млрд долларды құрайды. Оған қол жеткізуге болады.