«Жалпы елімізде жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету бағыты бойынша 110 үкіметтік емес ұйымы жұмыс істейді. Министрлік гранттық қаржыландыру шеңберінде «Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау» жобасын іске асырды. Жоба ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарына жеке психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіп, жеке өзін-өзі дамыту бойынша ынталандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы 2 мыңнан астам адам қамтылды. Сонымен қатар 1000-нан астам адамға консультация берілді; ата-аналар мен мамандар үшін бірқатар тренингтер өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен жеке және топтық консультациялар ұйымдастырылды; 100-ден астам ата-анаға жеке кеңес берілді», - деді комитет төрағасы.