«Абай. Бауырлас халықтардың мұрасы» атты көрмеде ұлы ақынның шығармашылығындағы Әлішер Науаидың рөлі, Абай өмірінің негізгі кезеңдері, Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев, Е.Сидоркин, Н.Өтепбаев және тағы басқа суретшілердің туындыларындағы Абай туралы сюжеттер қамтылған. 

Оған қоса, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің 120-дан астам экспонаты қойылған.