Елдік бағдарлама 4 бағыттан тұрады:
Өңірлердің дамуындағы теңсіздік пен әлеуметтік проблемаларды шешу
Мемлекеттік басқару тиімділігін және мекемелердің есеп беруге міндеттілігін күшейту
Экономиканы әртараптандыруға және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу
Климаттың өзгеруіне және табиғи апаттарға қарсы күрес
Еліміздің өңірлерін, оның ішінде биыл құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын, экономиканың "жасыл" секторларын дамытуға және Қазақстандағы институционалдық реформаларды қолдауға басты назар аударылатын болады.
«Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толды. Ынтымақтастық барысында Үкіметпен, қоғамдық ұйымдармен, бизнес-сектормен және БҰҰ - ның басқа да агенттіктерімен ШОБ, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы салаларында білім мен инновацияларды беру арқылы 200 млн. астам сомаға 200-ден астам жоба іске асырылды», - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
«БҰҰ Даму Бағдарламасы ҚР Үкіметімен әріптестік пен ынтымақтастықтың қол жеткізілген деңгейін жоғары бағалайды. Осы нәтижелерге және Тұрақты даму саласындағы мақсаттарға сүйене отырып, БҰҰДБ экономиканы әртараптандыру, институттарды жаңғырту, теңсіздікті қысқарту және табиғи ресурстарды тұрақты басқару арқылы Қазақстанға қолдау көрсетуді жалғастырады», - деп атап өтті БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің м.а. Сухроб Ходжиматов.
Атап айтқанда, ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту, жастардың цифрлық дағдыларын арттыру, "жасыл" бизнесті қолдау және т. б. салалардың инвестициялық тартымдылығын күшейту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Экономиканың «жасыл» секторларын дамыту бөлігінде Қазақстанда ірі офсеттік жобаларды – энергия тиімділігін арттыру, орман өсіру, тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту бойынша инвестицияларды тарту жоспарлануда, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік аймақтары үшін балама отын жобаларын пилоттау.
БҰҰДБ бірлескен бағдарламасын іске асыру шеңберінде Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау бойынша әдіснамалық қолдау көресетеді, сондай-ақ мемлекеттік басқару реформасы, адам құқықтарын қорғау саласында оқыту мен іс-шараларды жүргізуді жалғастырады.