Өрт қауіпті кезеңнің қорытындыларын шығарумен және республиканың автожолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстарымен қатар құтқарушылар өз құзыреті шеңберінде су тасқыны кезеңіне дайындық үшін министрліктер мен әкімдіктерді үйлестіру бойынша жұмыс жүргізуде.

«Қысқы кезең аяқталғаннан кейін су тасқыны маусымы басталады, осыған байланысты қазірдің өзінде өңірлерді дайындау бойынша тиімді шаралар қабылдау қажет», - деп Ю.Ильин атап өтті.

Өткен су тасқыны кезеңін талдау нәтижелері бойынша елді мекендердің су басудан қорғалуын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді. 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жол картасының орындалуына тексеру жүргізілді.

Уәкілетті органдар мен әкімдіктердің жоспарланған іс-шараларды іске асыруын қамтамасыз ету елдің 250-ге жуық су тасқыны қаупі бар елді мекендерін су басудан қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Министр сондай-ақ елді мекендерді инженерлік қорғау жөнінде шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусізованы тыңдай отырып, министр әкімдікке Ақтөбе қаласындағы Сазды, Жеңішке және Тамды өзендерін бұталармен, ағаштармен және қамыспен толып кетуден уақтылы тазарту қажеттігін еске салды. Бұл көктемде Ақтөбе қаласының маңындағы тұрғын және саяжай үйлерін су басуға себеп болды.

Юрий Ильин сонымен қатар су тасқыны кезінде гидротехникалық құрылыстардың жағдайы мен жұмыс режимі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Мәселен, Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасына Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар облыстардағы 16 авариялық республикалық су қоймаларын қайта жаңарту жөніндегі іс-шараларды енгізді.

Сонымен қатар, министр уәкілетті министрлікке назардан тыс қалған коммуналдық және жеке гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

«Адам өлімі мен ел экономикасына зиян келтірмеу мақсатында барлық айтылған мәселелер бойынша жан-жақты шаралар қабылдау қажет», - деді министр.

Юрий Ильин Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес бірінші басшылар өңірлердегі су тасқынына дайындық үшін жеке жауапкершілікте болатынын еске салды.

Жалпы, бүгінгі таңда республикада мыңнан астам су тасқыны қаупі бар елді мекендер бар, олардың 470-ында қауіп барынша азайтылды.

Климаттық өзгерістерді, қорғаныш құрылыстары мен белсенді стихиялық құрылыстардың жай-күйін ескере отырып, су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен учаскелердің саны жыл сайын түзетіліп отырады.

2021 жылы ТЖМ, мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралармен 2022 жылғы су тасқыны кезінде 45 су тасқыны қаупі бар елді мекенді қорғауға мүмкіндік берді.