«Босануға дейінгі бақылаумен 400 мың жүкті әйел қамтылды, 1,2 млн ұрық скринингі жүргізілді. 3,5 мың туа біткен ақаулар анықталды, медициналық көрсеткіштер бойынша 1340 жүктілік тоқтатылды. Фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға 400 мыңнан астам жаңа туған нәресте тексерілді. Фенилкетонурия 29-да, 53 жаңа туған нәрестеде туа біткен гипотиреоз анықталды. Психофизикалық даму скринингімен 3 жасқа дейінгі 1,5 млн бала, 6 жасқа дейінгі 2 млн бала аудиологиялық скринингпен қамтылды. Білім беру жүйесімен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жақсаруда. Одан әрі түзету үшін психофизикалық скрининг нәтижелері бойынша 11 мың бала психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға жіберілді.   
Аудиологиялық скрининг нәтижелері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға 845 бала жіберілді.  
3-4 дәрежелі есту қабілетінің жоғалуы диагнозы қойылған және мүгедектік белгіленген жағдайларда, халықты әлеуметтік қорғау органдары балаларды есту аппараттарымен қамтамасыз етеді.  
Медициналық ұйымдардың жарақтандырылуын арттыру үшін жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде аудиологиялық скрининг үшін жалпы сомасы 850 млн теңгеге 142 бірлік жабдық сатып алу жоспарланған», - деді спикер.  


Сондай-ақ елімізде перзентхана деңгейінде шала туған нәрестелердің ретинопатиясына (көз патологиясы) скрининг жүргізіледі. Биыл 11 айда 7,5 мың шала туылған нәрестелер қамтылды. Перзентханаларда ретинопатиясы бар шала туған нәрестелерге 470 ретинальды лазеркагуляция операциясы жасалды. Емдеу тиімділігі 98% құрады. Бұған дейін мұндай балалар мүгедек болып қалатын. Сонымен қатар шала туған ретинопатияның агрессивті түрлерін емдеу үшін жаңа препаратты көзішілік басқару әдісі енгізілді. Осы мақсатта еліміздің барлық өңірлерінен 32 офтальмолог оқытылды. Бұл әдіс торлы қабықтың лазеркагуляциясымен бірге баланың торлы қабығын және көру қабілетін мүмкіндігінше сақтауға мүмкіндік береді.