Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын жеделдетуді және бизнестің жаңа Салық және Бюджет кодекстерін әзірлеуге белсенді қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Салық және бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі жеке жұмыс топтары Премьер-Министрдің өкімімен құрылды.

Осылайша, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ базасында сараптамалық қоғамдастықтың жұмысы, «Атамекен» ҰКП жанындағы жеке жұмыс тобы ұйымдастырылды, оның аясында 55 ұсыныс айтылды.

Мемлекеттік қаржыны басқару кезінде ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттің шартты міндеттемелерін бағалау және болжау, бюджетаралық қатынастарды жоспарлау тәсілдерін қайта қарау, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Парламент алдында есеп беруін қамтамасыз ету, салық шығыстары бойынша есепті бюджеттік процеске енгізу жөніндегі халықаралық ұйымдардың ұсыныстары қаралып жатыр.