Осы жылдың 22 желтоқсанындағы жағдай бойынша 44 бағыттың 28 бағыты бойынша талдау жұмыстары аяқталды.
1954 құқықтық акті қаралып, 88068 талап анықталды, оның ішінде 8586 талап немесе 9,7% жаңа реттеу саясатының негізгі шарттарына сәйкес келмейді.
Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп SmartDataUkimet платформасында Тізілімді іске қосу бойынша жұмыс жүргізді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау барысы туралы айтылды. Цифрлық үкіметті қолдау орталығының мәліметі бойынша, бақылаудың 35 бағыты бойынша сынақ жұмысы үшін бақылау субъектілерін іріктеуге арналған автоматты функционалдығы бар платформа дайын.
Жиынды қорытындылай келе Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға жоғарыда аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.