Әр түрлі процестерді ескере отырып, заң көмегі құқықтық ақпараттандыру; құқықтық кеңес беру; соттарда, тергеу органдарында, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда қорғау және өкілдік ету түрінде көрсетіледі. 

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі құқықтық кеңес беру, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде адвокаттар және заң консультанттармен көрсетіледі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы тұлғаларға келсек, осы жылдың маусым айына дейін құқықтық кеңес беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі шектеулі адамдарға көрсетілді. Олар алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға; әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдарға, азаматтық іс бойынша талапкерге, әкімшілік іс шеңберіндегі талапкерге, қылмыстық процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге. 2022 жылғы 20 маусымда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Оның аясында субъектілер шеңбері едәуір кеңейтілді», - деді спикер.