Құқықтық көмектің маңызды түрлерінің бірі барлық мемлекеттік органдардың құқықтық ақпараттандыру жөніндегі жұмысы болып табылады.

«Әділет министрлігінің және Әділет департаменттерінің сайттарында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша жалпы ақпаратты қамтитын мәліметтер жарияланған. Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көп балалы отбасыларда балаларды асырауға алимент өндіріп алуға байланысты мәселелер бойынша азаматтық процесте адамдарға тегін көмек көрсету көзделеді. Бұл ретте құқықтық кеңес беру кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар мемлекет кепілдік берген заң көмегі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдарға, азаматтық іс бойынша талапкер немесе жауапкерге, әкімшілік іс шеңберінде талапкерге, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, ақталушыға, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жәбірленушіге қорғау және өкілдік ету түрінде көрсетіледі», - деді вице-министр.


Аталған адамдар тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан, ҚР аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы.