Сонымен қатар қабылданған Заң заңгерлік көмек субъектілерінің ауқымы – заң кеңесшілерімен кеңейтілді.


«Бүгінгі таңда Қазақстанда заң консультанттарының жалпы саны 13 010 адамды құрайды, оларды мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өзгерістер енгізілгеннен кейін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны артты. Мысалы, 2021 жылы мемлекет кепілдік берген заң көмегі 122 337 азаматқа, ал бүгінгі күні мемлекет кепілдік берген заң көмегі 169 495 азаматқа көрсетілді. Заң көмегін құқықтық кеңес беру түрінде алған азаматтар саны да артты. 2021 жылы азаматтардың жалпы санының 12,6%-ы ғана құқықтық кеңес алса, биыл құқықтық кеңес беру 32% құрады», - деді А. Мұқанова. 


Вице-министр ведомство республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсету сапасына да назар аударатынын атап өтті. Мысалы, 2022 жылы әділет органдарына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде адвокаттардың әрекеттеріне 12 шағым түсті. Шағымды қарау нәтижелері бойынша 3 адвокат адвокаттар алқасынан шығарылды, үш адвокатқа ескертулер мен сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылды. Осылайша, сапасыз заң көмегі көрсетілген кезде заң көмегін алған адам әділет органдарына немесе тікелей адвокаттар алқасына шағымдануға құқылы.