Сондай-ақ Конституциялық заңда адвокаттың немесе заң кеңесшісінің еңбекақысы бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегі институтын конституциялық іс жүргізуге таратудың алғышарттары бар.

«Конституциялық заңның ережелерін іске асыру үшін Әділет министрлігі осындай көмек алудың тиісті тетіктерін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Азаматтардың конституциялық бақылау органына тікелей жүгіну институтының жаңалығын және тұтастай алғанда Конституциялық Соттың жаңалығын ескере отырып, мұқият талдау мен қаржылық есептеулер жүргізу қажет», - деді спикер.


Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға толықтырулар енгізу жөнінде тиісті шаралар қабылданады.