Мысалы, банктік қызметтер, видео қызметтер белсенді дамып келеді. 

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарына сәйкес, 2022 жылдың соңына қарай үш қалада – Алматы, Астана, Шымкент қалаларында 5G желісін іске қосу жоспарлануда. 2025 жылға дейінгі кезеңде желіні еліміздің барлық дерлік облыс орталықтарында тарату көзделген. 5 жыл ішінде республикалық маңызы бар қалалар 5 G желісімен 75%-ға, облыс орталықтары - 60%-ға қамтылуы тиіс», - деп атап өтті спикер.