«Ережеге сәйкес, сауда-саттықта лоттың бастапқы бағасы радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемақының кемінде бес еселенген мөлшерлемесімен белгіленеді. Біздің жағдайда бұл 1,761 млрд теңгені құрады. Аукционға қатысушыларға қойған талаптар: компания тарату немесе банкроттық сатысында болмауы керек; тармақталған магистральдық желісі болуы тиіс – бұл ірі байланыс операторы болуы керек; байланыс саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі болып, сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна төлеуі тиіс. Конкурсқа қатысуға консорциум түріндегі заңды тұлғалардың бірлестіктері де жіберілді. ЦДИАӨМ 2022 жылғы 15 қарашада аукцион өткізу бойынша конкурстық құжаттаманы бекітті. 21-22 желтоқсанда комиссиялық қабылдау хаттамасына қол қойылды.  Хаттамаға сәйкес аукционға 4 компания жіберілді. Бұл Beeline брендімен «Кар-Тел» ЖШС, Altel, Tele2 брендтерімен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС. Kcell, Activ брендтерімен «Kcell» ЖШС, «Қазақстанның халықаралық телекоммуникациялық жүйелері» ЖШС атынан консорциум және «Қазақтелеком» АҚ бірінші болған консорциум. Аукцион қорытындысы бойынша №1 лот бойынша 22,6 млрд теңге сомасымен «Мобайл Телеком-Сервис» және «Kcell» тұлғасындағы консорциум жеңімпаз атанды. №2 лот бойынша - 93,4 млрд теңге сомасымен «Kcell» ЖШС және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС атынан консорциум жеңімпаз атанды», - деп атап өтті спикер. 


Ережеге сәйкес, төлем жүргізілгеннен кейін конкурс жеңімпаздарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беріледі. Әрбір лот бойынша бесінші буынның ұялы байланысын енгізу үшін инфрақұрылымға инвестициялардың жоспарланған сомасы шамамен 82 млрд теңгені құрайды.