Мемлекет басшысы экономиканы демонополизациялау ұлттық басымдық болып табылатынын бірнеше рет атап өтті. Биыл Президенттің жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Осы құжат бәсекелестікті дамыту Президент, Үкімет, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің басты бағыты болып жарияланды. 


«Сонымен қатар бәсекелестіктің қазіргі жағдайына талдау жасалып, негізгі проблемалар көрсетілген тұжырымдаманы іске асыру үшін министрліктер жол карталарын әзірлеуде. Осылайша бәсекелестікті дамыту жөніндегі жұмысқа барлық мемлекеттік органдар тартылатын болады. Жұмыстың негізгі бағыттары мен экономиканың негізгі салаларындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы хабарлауға мүмкіндік беріледі», - деді спикер.