«Нарықтың негізгі проблемасы – бұл бағалардың теңгерімді реттелмеуі, бұл бағалар дизпаритеті мен мұнай өнімдерін елден тыс жерлерге әкетуге, маусымдық тапшылыққа себеп болды. Бүгінгі күні мұнай өндірумен немесе өңдеумен айналыспайтын жеткізушілердің қызметін болдырмайтын заң нормалары қабылдану сатысында. Тиісінше, жер қойнауын пайдаланушылар немесе мұнай өңдеу зауыттары ғана берушілер ретінде әрекет етеді. Бұл мұнай өнімдерін сату схемасындағы буындардың бірін жояды. «ҚазМұнайГаз» тұлғасында бірыңғай оператор құру мұнай өнімдерін өткізу кезінде жеке бизнесті ығыстыру және теріс пайдалану тәуекелдерін тудырады. Осы тәуекелдерді нивелирлеу үшін биржалық сауда-саттықты дамыту және нарықтағы негізгі ойыншылардың көлеміне қол жеткізу ережелерін енгізу бойынша шаралар қабылданды, бұл мұнай өнімдерін жеткізудің шағын жеке бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Энергетика министрлігімен бірлесіп әзірленетін жол картасы шеңберінде бағаларды теңгерімді реттеу тетігін енгізу көзделуде», – деп атап өтті спикер.