Балалары бар отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау әрқашан елдің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ана мен баланы әлеуметтік қолдау әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көп деңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. 

«Қазақстанда балалы отбасыларға бюджет тарапынан төленетін жәрдемақылардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 түрлі төлем бар. Бүгінгі күні балалары бар 2 млн-нан астам отбасы жәрдемақы мен төлем алушылар санатына жатады. 2022 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің барлық мөлшері 9%-ға индекстерді, яғни, 1 қаңтарынан бастап 5%-ға, 1 сәуірінен бастап тағы 4%-ға. Биыл осы мақсаттарға жалпы 867 млрд теңге төленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артық. Ал 2023 жылы осы мақсаттарға 1,2 трлн теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық бюджеттен 653 млрд теңге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 574 млрд теңге», – деді вице-министр.