«Төлем мөлшері балалар санына қарай сараланады: биыл 4 бала үшін 50 975 теңге, 5 баласы бар отбасыларға 63 727, 6 баласы бар отбасыларға 76 479, 7 балаға 89 231 т.с.с. Сондай-ақ көп балалы отбасыларға бюджеттен 337 млрд теңге қарастырылған, оны орта есеппен шамамен 498 мың отбасы алды. Көп балалы аналардың беделін арттыру үшін «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жәрдемақы да тағайындалады. Қазіргі уақытта оның мөлшері 20 352 теңгені құрайды. Бүгінгі күні 229 мың анаға жәрдемақы тағайындалып, оларға 55,8 млрд теңге берілді», - деді вице-министр.