Сондай-ақ Әлеуметтік кодекс аясында «Марапатталған аналар» атты жаңа тұжырымдамасы енгізілмек. Мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы анаға құрмет ретінде өмір бойы беріледі.
«Марапатталған аналарға осы уақытқа дейін 6, 7 бала туған, «Күміс алқа», «Алтын алқа» наградаларын алған аналарға 6,4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленсе, 2023 жылдан бастап «Алтын алқа» алған аналарға оның мөлшері 7,4 АЕК-ті құрайтын болады. Бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған аналарға әсер етеді. 2023 жылы жәрдемақылардың барлық мөлшері 8,5%-ға артады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 653 млрд теңге көзделген, бұл биылғы бюджеттен 21,5%-ға артық», - деді Сағындықова.