Қазақстан Республикасының Экология министрі Серікқали Брекешевтің Қазақмыс корпорациясы, Қазцинк және ERG компания өкілдерімен кездесуі барысында тараптар геологиялық саланы дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Тараптар жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы озық халықаралық тәжірибені енгізу және заманауи технологияларды қолдану, геологиялық ақпаратты өңдеу мен талдауды сақтау жөніндегі цифрлық технологиялар, сондай-ақ геология саласындағы зертханалық зерттеулерге әдіснамалық тәсілдер бойынша ақпарат алмасу бағыттары бойынша ынтымақтасуға ниетті.
Өзара ынтымақтастықтың негізгі мақсаты Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толықтыру мүмкіндіктерін зерделеу болып табылады.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!