«Өңір  сары аймаққа көшкен кезде ұжымдарды бір-бірінен ажыратуға бағытталған шаралар қабылданады, бұл жақын байланыстағы адамдарды, вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, білім беру ұйымдарында топтарды қоса отырып, іс-шаралар өткізуді болдырмау болып табылады. Өңір  қызыл аймаққа көшкен кезде инфекцияның таралуына және емдеуге жатқызылған адамдар санына байланысты жиналыстарды онлайн форматқа көшіру, жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде міндетті түрде маскаларды пайдалану, жабық мекемелерге баруға шектеулер енгізу, объектілерде «Ashyq» қосымшасын міндетті түрде пайдалану, қызметкерлердің 30%-ын қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру, іс-шараларды өткізу кезінде объектілердің толтырылуын 50%-дан асырмау сияқты шектеу шаралары қабылдана», - деді Есмағамбетова.


Оның мәліметінше, инфекциялық төсек-орынмен қамту 11%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту 4%-ды құрайды.