КВИ-ге қарсы ревакцинация әлі де инфекциядан қорғанудың жалғыз тәсілі болып отыр. Республикада халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстары жалғасуда. ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, алғашқы ревакцинацияны 5,7 млн адам немесе егілуге тиісті халықтың 70%-ы, қайта ревакцинацияны – 1,2 млн астам адам немесе егілуге тиісті халықтың 55%-ы алды.
«Бірінші ревакцинациямен күніне орта есеппен 2500 адам, қайта ревакцинациямен – 4500 адам егіледі. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен күніне орташа 100 астам адам егіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакциналардың 3 түрі бар: Казвак, Sinofarm және Pfizer», - деді спикер.
Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в
Telegram!