«Халық көп жиналатын жерлерде маска қолдану, адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе балалармен баруды шектеу; үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды қолдану, науқас адамдармен байланысты шектеу, тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыруға және ұйымдасқан ұжымдарға жібермеу, дәрігерді үйге шақыру. Тұмау асқынулармен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралу керек», - деді спикер. 


Оның айтуынша, тыныс алу ағзаларының ауруларымен 15 600 адам стационарлық ем алып жатыр, оның ішінде ЖРВИ диагнозымен – 4600, тұмаумен - 17.