«Оның құрамына Қауіпсіздік Кеңесінің, Бас әскери прокуратураның өкілдері, әлеуетті құрылымдар басшылары кірді. «Өміріңді сақта» бағдарламасы бекітілді, ол әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, жеке құрамның қаза табу профилактикасының дәстүрлі нысандарын, әдістері мен құралдарын кешенді қолдану және жаңаларын енгізу арқылы орны толмас шығынды барынша азайтуға, қолайлы ақпараттық-имидждік ортаны қалыптастыруға, әскери-әлеуметтік құрамдасты жақсартуға, әскери тәртіп пен құқық тәртібі жай-күйінің төмендеуінің теріс үрдісін жоюға, әскери тәрбие беру мен оқытудың қолданыстағы жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Қабылданған шаралар арқылы орны толмас шығынның, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен курсанттар арасындағы шығынның 21 %-ға азаюына қол жеткізілді», - деді спикер.  


Президенттің Қарулы Күштердің имиджін және әскери қызметтің тартымдылығын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 25 қазанда Қорғаныс министрі Ғылым және жоғары білім министрінің қолдауымен еліміздің 45 озық жоғары оқу орындарының ректорларымен мерзімді әскери қызмет өткергендерге жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдік беру туралы меморандумға қол қойды. Бұл жеңілдік мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтарға Ұлттық бірыңғай тестілеуді ескерусіз әңгімелесу нәтижесі бойынша мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орындарына оқуға түсуге мүмкіндік беруді көздейді. Ал жоғары оқу орындарының әскери кафедрасында барлық бұрынғы әскери қызметшілер әскери кафедраны тегін және емтихансыз оқи алады.