Сонымен қатар Әскери қызметшілердің әлеуметтік қолдалуын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.  

«Осыған байланысты Үкімет 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қарулы Күштер мен Ұлттық ұлан ұшқыштар құрамының лауазымдық айлықақысын арттыру; әскери медицина қызметкерлерінің ақшалай үлесін азаматтық медицина мекемелері медицина қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне жеткізу; жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін арттыру; төтенше жағдай салдарын жою кезінде Ұлттық ұланмен және Ішкі істер министрлігімен ұқсастығы бойынша 3 еселенген ақшалай қамтылым мөлшерінде төлемді арттыруды мақұлдады. Сондай-ақ қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мынадай мәселелерді: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қарулы Күштердің қатардағы жауынгерлер және сержанттар құрамы лауазымдарының тарифтік санатын және әскери қызметшілердің әскери атағы бойынша айлықақыны 30%-ға арттыруды; әскери қызметте 25 жыл еңбек сіңірген жылы болған кезде келісімшарт мерзімі өткеннен кейін әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылы үшін зейнетақы төлеміне құқық беруді; 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге мемлекеттік базалық зейнетақыға құқық беруді; 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін әскери қызметке шақырылған және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған зейнеткерлерге шығарылған сәттен бастап жыл сайынғы индекстеуді ескере отырып, зейнетақыны индекстеуді; жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ гарнизондарда және шетелге кететін әскери қызметшілердің жұбайына жұмыс орнын сақтау мәселесін заңнамалық тұрғыдан реттеуді пысықтауда», - деді спикер.