Сонымен қатар зерттеу оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

«Мектептерге арналған PISA-ның» елдерге арналған дәстүрлі PISA-дан айырмашылығы – оның жеке мектеп деңгейінде сыртқы бағалауды жүргізуі. Зерттеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары еліміздің басқа мектептері мен колледждерімен салыстырғанда оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейі және PISA негізгі зерттеуіне қатысушы елдердің орташа ұпайы туралы талдамалық есеп алады. Зерттеу әрбір мектептің немесе колледждің мықты және әлсіз тұстарын анықтауға, алынған мәліметтер негізінде білім сапасын арттыру шараларын қабылдауға мүмкіндік береді», - деп айтты Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

«Мектептерге арналған PISA» зерттеуіне еліміздің барлық аймағынан 33 мыңнан астам қазақстандық білім алушы қатысқанын айта кетейік. Зерттеу нәтижесі келесі жылдың 2 тоқсанында белгілі болады.

2021 жылы «Мектептерге арналған PISA» зерттеуі Қазақстанда валидация кезеңінен сәтті өтті. Ол кезде апробацияға еліміздің 200 мектебі қатысты. Апробациялық зерттеу нәтижелері бойынша жеке және топтық есептер жасалып, зерттеуге қатысқан барлық мектепке ұсынылды.