Оның айтуынша, 2023 жылға арналған тауарлық газ өндіру жоспары – 28,2 млрд текше метр.  


«2022 жылдың қорытындысы бойынша сұйытылған мұнай газын өндіру 2,82 млн тонна деңгейінде күтілуде, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 89,2%-ды құрайды. Өндірістің төмендеуінің себебі Каспий Құбыр Консорциумы терминалында жөндеу жұмыстарына байланысты Теңізшевройлдың көмірсутектерді өндіру жоспарын орындамауы болып табылады. Бұдан басқа, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемін төмендетудің негізгі факторы – өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға байланысты инвестициялық тартымдылықтың болмауы. 2022 жылға арналған жоспар – 2,86 млн тонна. Мұнай-газ-химия бөлігінде бүгінде майлау материалдары, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі, бензол және параксилол өндірілуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндірудің күтілетін көлемі 256 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 34,7%-ға артық. 2023 жылы 515 мың тонна мұнай-газ-химия өнімін өндіру жоспарлануда», - деді спикер.